Кентау қаласындағы жылу орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

297
04.01.2023 15:58

Түркістан облысының Кентау қаласында орналасқан жылу энергоорталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мұндай мәліметті қаладағы жылу қазандығының жұмысымен танысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев айтты. Бірақ, кемшілік те жоқ емес дейді ол. Айта кетейік, Кентау – Түркістан облысындағы моноқаланың бірі. Мұнда 100 мыңнан астам халық қоныстанған.  Орталықтандырылған жылуға қосылған 14 мың абонент бар. Барлығы толық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның 106-сы бюджеттік мекемелер, 336 көпқабатты тұрғын үй, 2250 жеке сектордағы үйлер, 4 мыңдай коммерциялық нысан аталған орталықтан жылу алып отыр.