Бәйдібек ауданында қарлы боран салдарынан электр бағаналары құлап, елдімекендер жарықсыз отыр. Әкімдікте өткен жиналыстан соң Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймаққа арнайы барып, жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тұрғындармен, ел ағаларымен кездесіп, қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндап берді. Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Созақ, Отырар, Қазығұрт, Сауран, Бәйдібек аудандарында электр желілері үзілген болатын. Бірқатар аймақта ол қалпына келтіріліп үлгерді, жұмыс әлі де жалғасуда.
️