«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау” жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясының жұмысшы тобы дайындаған кітаптардың тұсаукесері өтті. Жиында Алматыдағы арыс баспасынан шыққан оқулықтардың мазмұны таныстырылды. Түрлі тақырыпты зерделейтін кітаптар 2 жылдық еңбек нәтижесі. Бостандық және созақ ауданындағы көтерілістер, Отырықшыландыру мен шаруаларды күштеп жер аудару, Қазақстаннан тыс жерге ауа көшкендер, Түркістандағы Алаш қозғалысы, Кеңестік дін саласымен қудаланғандар атты 8 оқулық оқырманына жол тартты. Оқулықтардың әрқайсысы 200 данадан шығарылады. Облысымыздың барлық кітапханалары мен оқу орындарына таратылатын болады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін облыс бойынша 3 жарым мыңға жуық адам анықталды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады.
️