Елімізде тұтынушылық несие алушылар көбейген. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, қазақстандық банктер алдындағы несиелердің жалпы сомасы 20 трлн теңгеден асқан. Яғни, смартфон немесе өзге де тауарларды несиеге алатындар күрт көбейіп, қарыз көлемі артып келеді. Қалтаңыздағы қаржыны тиімді жұмсау нарықтық заман заңы. Дегенмен жұрттан қалмайын деп өзгелер алған затты кредитке алуға дайын қоғам өкілдерінің саны неге артып келеді? Нұрдәулет Сыздық арнайы эксперимент жасап, бұл сұрақтың жауабын іздеп көрді.
Биылғы дерек бойынша 7,5 миллионға жуық қазақстандықтың банкке берешегі бар. Кредитке өтінім білдірушілердің басым көпшілігі тұрмыстық заттарды алуға талпынады. Экономист маман Ержан Мырзатай кредит алуды алғашқы да өзіне баурап алар тәтті уға балайды. Қаржылық ұйықтың құрсауына тап болғандар қарызды қайта қайта алуға құмар болады дейді.
«Жетістікке жетелейтін жол іздесеңіз қарыздардан қашқаныңыз жөн. Өзге алдындағы берешек қаржылық тұрақтылыққа өз зардабын тигізеді.» Бұл психолог Бақытгүл Әшірбекованың пікірі. Сала маманы кредит алдындағы әлсіздікті адам өз бойынан іздеуі қажет дейді.
сала маманының сөзіне сүйенсек азаматтың көз қызығушылығы бала күнінен байқалады. Психолог айтқан экспериментті жүзеге асыруға бел байлап, балабақшаға қарай жол тарттық. Кішкентайларға тәтті ұсынып, олардың шыдамдылығын тексердік
Тақырыпты терең ашу үшін Түркістан тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік. Көпшіліктен қандай қарызыңыз бар деп сұрадық. Деседе, берешегі барлардың басым көпшілігі өз қарызы жайында айтуды қаламады, сұхбат беруден бас тартқандар көп. Ал кей азаматтар сауалымызға анонимді жауап қана бере аламыз дейді.
Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру тұжырымдамасы қабылданған. Құжаттағы соңғы дерек бойынша ел азаматтарының қаржылық сауаттылық деңгейі 36 пайыз. Халықтың несиесін азайтуға мемлекет те мүдделі. Осы мақсатта 3 жыл бұрын 109 млрд теңге қаржы бөлініп, белгілі санатқа жатқызылған тұрғындардың берешегінің бір бөлігі жабылған. Ал жақында мемлекет қарызға батқандардың қатарын азайту үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын қабылдады.
️