Turan Tour: Ая София мешіті туралы

673
29.12.2022 16:48

Айя-София нысанына символ ретінде қарау керек. Тарихшы-профессорлар Түркиядағы маңызды туристік объект туралы осылай дейді. 2020 жылы ел билігінің өкімімен қайта мешіт ретінде жарияланған ғимарат жайында тартыстар көп еді. Мамандардың бұл мәлімдемесі біраз дауға нүкте қойғандай.

Стамбулға қадам басушы туристердің көруге асығатын жері осы Айя-София мешіті. Бұл ғимарат қос дінді тоғыстырған орын. Мұнда мұсылман және христиан діндерінің сан ғасырлық мәдени мұралары біте қайнасып жатыр.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ "Алғаш рет мұнда келіп тұрмын.Стамбул қатты ұнады. Айя-софия мен Сұлтанахмет мешітін көруге келдім. Егер осы видеоны көріп отырса Қазақстандағы досыма сәлем жолдаймын."

Айя-Софияны көруге ағылған жұртта есеп жоқ. Түркия президенті нысанды 2020 жылы қайтадан мешіт ретінде жариялағалы бері туристер саны көбейе түскен. Дегенмен, әу баста ғимараттың іргетасы шіркеу ретінде қаланған. Бұған байланысты ғалымдар түрлі пікір білдіреді. Бірі қайсыбір діннің мәдени мұрасына жатқызылуы тиіс десе, кейбірі оған символ ретіндеу қарау керек дейді.

ЕРХАН ӘБІЛ – ТАРИХШЫ-ПРОФЕССОР 

"Мешіт, Мұражай болғанда христиан белсенділері қайта шіркеу қылу керек деген. Әсіресе 2000 жылдардың басында оны мұражай ету кереек деген бастамалар көтеріле бастады. Бұл нысанға мешіт немесе мұржай емес, символ етінде қару керек."

1934 жылға дейін Айя-София әлемдегі ең ірі христиан ғибатханасы болды. Ғимарат ішінде үлкен крест суреттері өрнектелген. Қара шеңберлерге Құран сүрелері жазылған. Түркия үшін маңызды туристік объект 1996 жылы Дүниежүзілік ескерткіштер тізіміне жатқызылады.