Түркістан вокзалында қойдың піскен басы сатылады

835
29.12.2022 16:45

Түркістан теміржол вокзалы қойдың піскен басы сатылады. Кәдімгі қазақ халқының құрметті қонағына беретін қасиетті асын перронда саудаланып жатыр. Бір естігенде күлкілі болар бірақ, сатып алып жатқан жолаушылар дән риза.

Бас тарту – ежелден келе жатқан рәсімдердің бірі. Жиын-той, ас кезінде, қонақ күткенде сойылған қойдың басы қадірлі, сыйлы адамға беріледі. Ал киелі шахардың ұлттық тағам сатушылары қыстың аязында да, жаздың аптап ыстығында да теміржол вокзалында піскен қойдың басын сатып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр.

Қазақстан теміржол вокзалдарынада мұндай тағам таппайсыз. Иә, ең ерекше, әрі ең дәмді тағам түрін тек қана Түркістан теміржол вокзалынан ғана кездестіре аласыз.

Түркістан әрқашан терең тарихымен, дәстүр-салтының сақталғандығымен ерекшеленген киелі жер. Оған дәлел бола алатын бірден-бір ерекшелік те осы жолаушыларға ұсынылатын қойдың басы. Түркістаннан өтіп бара жатсаңыз дәм татуды ұмытпаңыз.