Шымкентте адам өміріне қауіпті пиротехника өнімдерін заңсыз сату азаймай тұр. Мамандар мұндай тауарлардың басым бөлігінің сапасыз әрі сертификаты жоқ деп дабыл қағып отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында пиротехника көптеп саудаланатын базарларға барып, рейд жүргізді. Құжаты жоқ бірнеше орынды анықтап, тәртіп сақшылары заңсыз саудамен айналысқан саудагерлерге 900 мың теңге айыппұл салған.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жыл сайын базарлар мен көше бойында отшашу саудасы қыза түседі. Көпшілік оның бағасына қызығып, сатып алып үстінде. Алайда сырты әдемі көрінген өнімдердің қауіптілігі барын ұмытып кетіп жатады. Ең қиыны да сол, базарларда толып тұрған мұндай пиротехникаларды сатуға саудагерлердің рұқсат қағаздары да жоқ.
Сондай-ақ рейдттік шара кезінде тәртіп сақшылары заңсыз сауда орындарынан пиротехникалық заттарды сатып жатқан саудагерлерді анықтады. Оларға хаттама толтырып, айыппұл салды.
Жалпы шымкент қаласында полиция департаменті қызметкерлері мен тжд департаменті рейдттік жұмыстарын жүргізуде. Үш күннің ішінде заңсыз саудаға шығарылған 90 келі пиротехникалық бұйымдар тәркіленген. Ал төтеншеліктер пиротехника өнімдерін тек мамандандырылған және сертификатталған дүкендерден сатып алуға кеңес береді. Отшашуды жақпас бұрын нұсқаулықпен жіті танысу керек. Қораптың бүтіндігі, сақтау мерзімінің жарамдығы да маңызды, - дейді мамандар.
️