Түркістан облысының полицейлері тұрғынның үйінен көкнәр тәркіледі

303
29.12.2022 16:41

Сарыағаш ауданының тұрғыны үйінде есірткі сақтаған. Тәртіп сақшылары 102 байланыс номеріне түскен ақпарат бойынша жедел іске кірісіп, күдіктіні дереу құрықтаған. Жедел уәкілдер тінту кезінде, тұрғынның бөлмесі мен шатырынан құрамында есірткіге ұқсас заты бар орама және полиэтилен пакет тапты. Қорытындыға сәйкес, ол жалпы салмағы 70 грамнан асатын "Көкнәр" есірткісі болып шықты. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.