«Ең ерекше жұлдыз». Түркістанда осындай атаумен ерекше балаларға арналған сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – балаларды жігерлендіріп, өмірге, өнерге деген құлшынысын арттыру. Сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін көрсету дейді ұйымдастырушылар.
Алдымен қатысушылар Қожа Ахмет Яссауи атындағы музейіне саяхат жасады. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар мектептегі 1 күнін видеоролик арқылы көрсетті. 2 кезеңде арнайы педагогпен бірге жеке сабақ көрсетілді. Үшінші кезеңде қатысушылар өз өнерін ортаға салды. М. Шоқай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Жазира Апсамет оқушысы Ернұр Үмбетпен бірге сайыста еліміздің әнұранын ым-ишаратпен орындады.
ЖАЗИРА АПСАМЕТ - ЛОГОПЕД
"Бұл конкурстың болатыны бізге аз мерзімде айтылды. 10 күннің ішінде дайындалып шықтық. Гимн қысқаша орындайды."
Байқаудың басты мақсаты ерекше балаларды қоғам өміріне дайындау. Барлық оқушылармен тең дәрежеде білім алуына ықпал ету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оларды болашақта өзін өзі асырай алатын дәрежеге жеткізу дейді мамандар.
ӘМИНА ОНБАЕВА - №24 МЕКТЕПТІҢ КММ ІШІНЕН АШЫЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
"№24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектептің ішінен ашылған инклюзивті қолдау кабинетінің мамандыры ұйымдастырған. Бұл шараға қатысушылар №1 мектеп, түзету кабинеті."
ӨТКІР МАЛДЫБЕКОВ - ДЕМЕУШІ
"Ерекше балаларды аралатуға арнайы орталық ашамыз. Орталықта ерекше балалардың тек қана қабілеттерін жандандыру үшін художественный заттар жасау үлкен кружоктарды осы жерге жинақтаймыз."
Ең ерекше жұлдыз байқауыын келесі жылы облыстық деңгейде ұйымдастыру жоспарда бар.
️