Республикалық «АШЫҚ САХНА» байқауы басталды

617
28.12.2022 16:52

«Астана Балет» театры шығармашыл жастар арасында республикалық «АШЫҚ САХНА» байқауы басталғанын жариялады. Өнер бәйгесі театр саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Байқау 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры 4 млн теңге.

КАРИНА КАХИДЗЕ «АШЫҚ САХНА» ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ 

 «Ашық сахна» республикалық байқауы бес іріктеу кезеңінен тұрады. «Хореография», «Либретто», «Музыка», «Сценография» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, «Астана Балет» театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі."

Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында ashyq_sakhna@astanaballet.kz  электронды поштасына жолдау керек. «Астана Балет» театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.