18 баланы асырап алған өнерпаз отбасы

309
28.12.2022 16:51

Жақынын жатқа теуіп, өзегінен шыққан нәрестенің өмірін қыйып далаға тастап кететіндер көбейген заман. Бірақ, жылулыққа жарымаған бүлдіршіндерді қолына алып, ата-ананың орнын басатын жандарда жетерлік. Ақтөбе облысында тұратын отбасы қамқоршысыз қалған 18 баланы бауырына басқан. Бүгінде барлығына бірдей текті тәрбие беріп, өнерге баулығын. Көптің қызығушылығын тудырған жанұя дәл қазір Сарыағаш шипажайларын да демалуда. Бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгерген тілшіміз ерекше жандармен тілдесіп қайтты.

Бұл фольклорлық ансамбль бір отбасы мүшелерінен құралған. Топтың жетекшілері Өмірхан Жетесовпен Амангүл Ешпанова. Жеткен жетістіктері де аз емес. Ансамбльдің ең кішкентай мүшесі Темірхан, әкесі сияқты «жыршы-термеші болғым келеді» дейді. Домбыраның құлағында ойнайтын бүлдіршіннің өнерге деген ынтасы жоғары.

ТЕМІРХАН ЖЕТЕСОВ – ҮЙДІҢ КЕНЖЕСІ 

"Биыл республикалық байқауларды жеңіп алдым. 50-ге жуық жыр-термені жаттағанмын..."

 Отбасының әрбір бүлдіршіні түрлі аспапты меңгерген. Бірі шаңқобыз енді бірі жетігенмен әуелете ән салады. Ата-аналары дәстүрлі ән айтумен айналысатын болғандықтан балаларына да қазақы өнерді үйреткен.

ӨМІРХАН ЖЕТЕСОВ – ҮЙДІҢ ОТАҒАСЫ 

"Балалрымның барлығы өнерге жақын. Екі ұлым домыбарының құлағында ойнайды. Бұл ансамбльді құру үшін көлігімді саттым..."

Өнерлі отбасы мүшелерінің татулығы көпті таң қалдыруда. Үлкені ізет көрсетсе, кішісі ілтипатын аямайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бұл балалардың ұлты да әртүрлі. Бірақ, барлығында бір мүдде. Қазақ өнерін жандандыру.

АМАНКҮЛ ЕШПАНОВА – ҮЙДІҢ ОТАНАСЫ 

"Өзімнен туған 3 балам бар. Олар бауырымызға басқан бауырларын өте қатты жақсы көреді..."

Негізі бұл отбасының 21 баласы бар. Барлығы да шетінен сен тұр мен атайын дейтін өнерлі. Биыл елімізге арнайы іс-сапармен келген Рим папасының алдында өнер көрсеткен отбасылық ансамбль, келесі жылға жоспарларымыз жетерлік дейді.