Қарағанды облысында бидай тиелген жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Бидай тиеген бірінші вагонның доңғалағы кенет қатып қалып, кілт тоқтаған. Соның салдарынан төтенше жағдай болды. Қазір арнайы құрылған комиссия, апаттың себебін анықтап жатыр. Өзге поездардың қозғалысы тоқтаған жоқ. Еске салсақ, осыдан тура бір ай бұрын, дәл осы станцияда 14 вагон рельстен шығып кеткен еді.
️