Түркістан облысындағы Отырар ауданынын көгалдандыру үшін егілген ағаштар неге жерсінбей жатыр? Зерттеушілер өзекті түйіннің шешімін тапты. Оның барысында ауданға, қалаға егілген көшеттерді жаңарту мәселесі де сөз болды. 6 ай бұрын басталған зерттеу жұмыстарының мақсаты өңіріміздің атмосферасын тазарту.
Шәуілдір шымкент тас жолындағы егілген 2000 ға жуық талдардың басым көпшілігі көктеп, бой көтермей, қурап қалған. Мамандардың сөзінше, оған бірнеше себеп бар. Оның бірі егілген жердің құнарсыздығы. Сондай-ақ көшеттерді суаратын тіршілік нәрінің құрамында тұз мөлшері басым екені анықталған.
Мәлімметтерге сүйенсек, аудан бойынша өсіп тұрған көшеттер саны 276 мың 276 ағашты құрайды. Соның ішінде 79 мыңы 2010 жылдан бері қарай егілген. Ал олардың 75 мың түбі қазір қурап қалыпты. Көшеттердің бой көтере алмауына судың болмауы мен зиянкестерде әсер етіп отыр екен.
6 ай бұрын басталған зерттеу жұмыстарының өзекті мәселенің түйінін шешкеніне ауыл тұрғындар да дән риза.
Айта кетсем, президенттің бес жыл ішінде 2 миллиард ағаш отырғызу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында 132 мың гектар жерге 210 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарлануда.
️