Жеңілдетілген автонесие: Көлік бәріне жетеді

470
27.12.2022 16:29

Жеңілдетілен автонесие бағдарламасы бойынша көлік бәріне жетеді. Машина тапшылығы жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осылай деді. Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, қаңтардың ортасында 4%-дық автокредит қайта басталғанымен, бұрынғыдай жаппай несиелеу болмайды. Бағдарлама тек револьверлік негізде жүзеге асады. Яғни бұған дейін 4 пайызбен көлікті несиеге алғандар ақшасын банктерге қайтара бастады. Сөйтіп 13 миллиард теңге жиналды. Оған тағы мың жарымға жуық автоқарыз беру жоспарланған. Осылай қайтарылған қаржы жиналған бойда, несие тоқтаусыз беріле береді.