Қызын грантқа түсіремін деп алаяқтың құрбаны болды. Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алданып қалғанын айтқан. Яғни танысы "қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін" деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген күдікті қазір қамауда отыр.
️