Түрме ішінде есірткі тасымалдамақ болғандар сотталды

579
27.12.2022 16:20

Темір торға есірткі алып кірмек болған азаматтар сотталды. Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы қылмысқа қатысы барларға 12 мен 14 жыл арасында жаза тағайындады. Абақтыда жатқан екі жігіт, мерзімінен бұрын шыққан жазасын өтеушіге тапсырыс берген. 3 азаматтың қатысуымен жасалмақ болған қылмыс әшкере болды. Өкініш өзегін өртеген жігіттер сот залында судьядан кешірім сұрады.

Айта кетейік қылмысқа қатысты азаматтардың үшеуіде жазасын толық өтеп бітпеген. Тіпті арасындағы бір сотталушы 10 жылға жуық түрмеде өткізген екен. Бостандыққа шығар шағында, қайта түрмеге тоғытылды.