Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды. Кәрім Көкірекбаев қазіргі кезде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселқорғау" мекемесін басқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растағанымен, толық баяндаған жоқ. Бейресми дереккөздерге сүйенсек, ол "BAZIS CONSTRUCTION" — "INFR" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталған. Екеуі де уақытша ұстау изолятрына қамалды. Айта кетейік, Кәрім Көкірекбаев 2013 - 2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметтерін атқарған.
️