Зейнетақы жинақтарын алу қағидаларына салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды "Turkistan" телеарнасы Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, белгіленген жеткіліктілік шегі салымшылар зейнетақы жинақтарын емдеуге және тұрғын үй сатып алуға алып қойған кезде ғана пайдаланылатын болады.
Дүйсенова салымшы таңдаған компанияның жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сақталуына және олардың кірістілігіне жауапты екенін атап өтті.
️