Тоқаев Санкт-Петербургтегі музейге барды

208
27.12.2022 11:45

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапары аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, - деп хабарлайды "Turkistan" телеарнасы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілген.

Сондай-ақ, музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.