Келес және Жетісай аудандарының бірнеше бөлім басшыларына қатысты бүгін Түркістанда өткен әдеп кеңесінде тәртіптік шаралар қабылданды. Онда өз жұмыстарын атқару кезінде әкімшілік заң бұзушылыққа жол берген шенділердің мәселесі қаралды. Келес ауданындағы бірден 4 шендіге қатысты тәртіптік іс қаралды. Прокуратура мен әдеп жөніндегі кеңестің бірлескен тергеуі нәтижесінде әрқайсысына қатысты шешім қабылданды. Кейбірі ақталса енді біреуіне қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылданды.
Ал, Жетісай ауданында бірден 7 атқамінерге қатысты тәртіптік іс қозғалды. Кейбір істер сәуір айынан бері тергеліп келген. Тоқтала кетер болсақ, конкурс кезінде мердігерлікке үміткерлерді шеттету фактілері көп тіркелген. Барлығы бірдей заң бұзды деу қате. Себебі, дәлел табылмай, тіпті жала жабылғандар да бар. Алайда, кінәсі нақты дәлелденген шенділерге қатысты қатаң шешім шықты.
Тағы бір назар аударарлық қызықты жайт, Сайрам ауданында тіркелген екен. Ауыл әкімдігіндегі қызметкерлер әкімнің өзіне қарсы арыз жазыпты. Брақ, бұл істе ешкім жауапқа тартылмады. Одан бөлек, жиында бірқатар басқарма өкілдері өз мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары бойынша есеп берді. Десе де, Түркістан облысында тәртіптік істер, былтырғымен салыстырғанда едәуір азайған.
️