Шымкентте сыншы, ғалым Құлбек Ергөбектің 70 жылдық мерейтойына орай конференция өтті. Жиында академиктің ғылымға қосқан еңбегі жайлы әңгіме өрбіді. Сондай-ақ Түркология ғылымының майталман ғалымдары арасында түркі дүниесіне танымал, көрнекті әдебиет зерттеушісі, сын сәйгүлігі деп бағаланған ғалымға лайықты құрмет көрсетілді. КСМ: Құлбек Ергөбектің 70 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған конференцияда академикке Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, табысталды. Сонымен қатар бауырлас қырғызстан еліндегі әріптестері ерен еңбегін бағалап, ізгі тілектерін жеткізді.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ-ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
Жазушы әдебиет әлеміне ерте келді. Ол сондай-ақ, қазақ журналистикасына да сүбелі үлес қосты. Автордың қалам тербемеген тақырыбы кемде-кем. Әсіресе қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың әдеби мұрасын зерттеп, талдаудағы еңбегі зор.
БАХАДҮР НАРЫМБЕТОВ-ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ
Құлбек Ергөбек - Парасат орденінің иегері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты. Жазушы бүгінге дейін 60-тан астам кітап шығарды. Ғалымның шоқтығы биік «Жан жылуы», «Мейірім шуағы», «Жазушы шеберханасы» сынды кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Конференция соңында академикке шапан жауып сый сияпаттар табысталды.
️