Түркістандық іскер әйелдер «eńbegі janǵan arýlar» форумында бас қосты

367
27.12.2022 04:50

Түркістанда «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті. Шарада оңтүстік өңірде кәсіпкерлік саланы дамытып жүрген азаматшалар бас қосты. Ел экономикасының ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев форум қатысушыларына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Алғыс хатын табыстады. Түркістан облысында түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар көп. Бүгін олардың жұмыстарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған форумда 51 азаматша марапатқа ие болды. Оның ішінде 17- сі облыс әкімінің марапаты, тағы 17 сі Қазақстан іскер әйелдер  қауымдастығының Президенті төсбелгісі мен алғыс хаттарына ие болды.

Түркістан облысының төрінде өткен форумға 80 ге жуық адам қатысып жыл қорытындысын шығарды. Кәсіпкер азаматшылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ой – пікірлерімен бөлісті.

Жыл басынан бері өңірде 35 429 жаңа кәсіпкерлік субъектісі құрылған. Статистикаға сәйкес, өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер — нәзік жандылар екен.