Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. Бұл туралы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті. Келесі жылы бағдарлама бойынша несиелеу үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда. Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Тағы бір үлкен өзгеріс, енді әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
️