11 ай ішінде 311,8 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған

322
24.12.2022 05:30

Жыл басынан бері 311,8 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған. Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров осылай деді. Оның сөзінше, қыруар қаражаттың Олардың 11,5 млрд теңгесі бюджетке өтелген. 31 млрд теңге көлемінде тауарлар жеткізіліп, қызмет көрсету жұмыстары орындалған. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес 8761 материал бойынша іс қозғалған. Олар бойынша 855 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 786 млн. теңгесі немесе 92% бюджетке төленді.