Министрлік еліміздегі жол жағдайы нашар өңірлерді атады

330
24.12.2022 05:23

Еліміздегі жол сапасы ең нашар өңірлер аталды. Бұл туралы ақпаратты Индустрия және инфрақұрылым министрлігі жариялады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында сапалы жол көлемі 39 пайыздан аспаған. Ақтөбе мен Атырау облыстары сәйкесінше, 66 мен 70 пайыз көрсеткіште тұралап қалды. Жол сапасы ең жақсы өңірлер – 95 пайыз көрсеткен Маңғыстау және Жамбыл облыстары. Алматы облысында жолдың 91 пайызының сапасы жақсы екен. Биыл ел бойынша 4,6 мың шақырым жол жөнделіп, ол мақсатта 372 миллиард теңге бөлінген.