Денсаулық сақтау министрлігі маска тағып, қоғамдық орындарға бармауды ұсынды

322
24.12.2022 05:21

Денсаулық сақтау министрлігі тұмау ауруының таралуына байланысты үндеу жасады. Жауапты ведомство қазақстандықтарға маска тағып, адам көп жиналатын жерлерге бармауын сұрауда. Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жұқпалы ауру маусымы басталғалы бері бұл респираторлы вирусты жұқтырудың 2,1 миллион жағдайы тіркеліпті. Оның 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екен. Елімізде тұмауға қарсы екпе жүргізу мақсатында 2 млннан астам вакцина сатылып алынған екен. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың шектеулер кезіндегі сақтық шараларын да ұстануды сұрайды.