Түркістан өңірінің тұрғындары облыс әкімінің орынбасарына мұң-мұқтаждарын жеткізді. Бейсенбай Тәжібаев азаматтардың талап-тілектерін онлайн және офлайн форматта тыңдады. Ол өзі жетекшілік ететін салалардан бөлек, мұқтаж жандардың да жағдайына зер салды.Ашық әкімдік негізінде ұйымдастырылған шарада білім мен спорт және мәдениет салалары бойынша біршама өзекті тақырып талқыланды. Атап айтқанда Төле би ауданындағы жеке азаматтың өз қалтасынан салынған спорт кешені мемлекет көмегіне мұқтаж. Бейсенбай Дәулетұлы бұл мәселені жеке назарға алып, жақын арада шешуге уәде берді.
️