Түркістан облысынан депутаттыққа үміткер ретінде 5 адам тіркелді

313
23.12.2022 10:04

Түркістан облысынан Сенат депутаттығына бір кандидат сайланады. Қазір өңірде сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Аймақта саяси науқанға үміткер ретінде алты үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Алайда отбасылық жағдайына байланысты біреуі үміткерліктен бас тартып, құжаттарын кері қайтарып алған. Ал қалған бес азаматтың құжаттары толық тексеріліп шықты. Олардың тиісті талаптарға сәйкестігі анықталып, сенімді өкілдері тіркеуге алынған. Куәліктері берілген. Аумақтық сайлау комиссиясы бүгінде үміткерлердің аудан-қалаларда кездесу кестелерін түзіп, жұмыстарын жоспарлап жатыр.