Шетелге заңсыз шығарылмақ болған 3,7 млрд теңге қайтарылуы мүмкін

261
23.12.2022 09:54

Түркістан облысынан шетелге заңсыз шығарылған ақша мен мүлікті қайтару ісі қарқын ала бастады. Қазір қылмыстық істерге қатысы болуы мүмкін адамдардың ақша аударымдары үзіксіз тексеріліп жатыр. Биыл күдікке ілінген операциялардың құны 3,7 млрд теңгеге жуықтаған. Залал құны 1,7 млрд теңгеге жетті. Бұл жөнінде Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің брифингде айтылды.