Түлкібастық келін қайын әпкесінің қымбат тонын ұрлап кеткен. Жәбірленуші бағалы киімінен көз жазып қалған бойы дереу полицияға арызданған. Жау алыстан келмепті. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің туыс келіні болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Келіні қайын әпкесіне 750 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
️