Түркістан облысында жасөспірім қызды пойыз қағып кетті. Оқиға Манкент стансасында болған. Кәмілетке толмаған қыз теміржолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпек болыпты. Пойыз машинисті жедел тежегішті басып, дыбыстық сигнал бергенімен, қыз бала құлаққап пен бас киім киіп алғандықтан, естімей қалған. Зардап шегуші Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері көлік полицейлері темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 25 403 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Биыл елімізде 60-тан астам адам пойыз дөңгелегінің астына түсіп көз жұмған.
️