Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, оның бірі асудан құлап кеткен. Жол апаты Алматы облысы Кеген ауданында болған. "Hyundai" автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі "Кеген-Көкпек-Түп" автожолының 60 шақырымында рөлді басқара алмай қалған. Содан ілеспе бағытта келе жатқан "Mitsubishi" көлігімен соқтығысқан. Апаттан "Hyundai" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ тағы екі адам әртүрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
️