Көмір үстіндегі тағы бір қала жылусыз қалды. Қарағандыдағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Оған жүк көлігі себеп болған. Ол диаметрі 1000 милиметр порталды соғып, қиратып кеткен. Төтенше жағдайдың болғанын "Теплотранзит Қарағанды" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диспетчерлік қызметі де растады. Қазір қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл нысан қаланың орталық бөлігін жылумен қамтамасыз етеді.
️