Бас прокуратура автомобиль жолдары саласында жемқорлық фактілерін анықтады

193
21.12.2022 16:26

Елімізде жол құрылысына бөлінген қыруар қаражаттың 43,4 миллиарды ұрланған. Бас прокуратура осыған байланысты 23 қылмыстық іс ашқан екен. Өкілетті орган жергілікті әкімдіктер, «Қазавтожол» Акционерлік Қоғам және автомобиль жолдары комитетінде тексерістер жүргізді. Прокуратура берген мәліметке сүйенсек, 43,4 миллиард теңге Қаз Гер Строй Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің қалтасына түсіп, жоқ болған. Оның үстіне, жобалық-сметалық құжатқа бөлінген қаражатты жергілікті әкімдік тиімсіз пайдаланған. Ал, мердігерлер жалған сертификат пайдаланып, жергілікті атқарушы органдар оған көз жұмып келгені белгілі болды. Прокуратура қазір, құны 17,3 миллиард теңгенің шығынын алдын алып, тендердің күшін жойған.