Орталық Азия медиа форумы жалғасып жатыр

227
21.12.2022 16:23

Астанада тұңғыш Орталық Азия Медиа форумы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған белгілі журналистерге өз есігін айқара ашты. Олар, ақпарат саласының мамандарын даярлауда қандай жаңашылық енгізу қажет, «Медиадағы әйелдердің рөлі» секілді өзекті тақырыптар көтерілді. Ал, түркі мемлекеттері ұйымының бірінші хатшысы Халил Аканджи болса, өзара әріптестікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Түркі кеңесі ішкі шиеленістерді тез шеше алуға қабілетті болуы керек. Оның үстіне, экономикалық байланысты арттыру арқылы бір-бірімізге көмек көрсете аламыз. Орталық Азия елдері үшін мұндай одақ керек-ақ. Себебі, бұл елдердің бірінде жоқ нәрсе, бірінде бар. Тәжікстанда су ресурстары, Өзбекстан мен Түркменстанда алқап деген секілді. Себебі, бұл мәселенің қазір өзектілігі артып келеді. Саяси дауға да айналып барады. Соның алдын алу керек.