Көпшілік алдында қысылмай, еркін сөйлеу әр жанның қалауы. Әсіресе, бұл ел назарында жүретін адамдар үшін аса қажет. Бүгін белгілі бизнес коуч Гүлжанат Битенова Түркістан жұртына өткізген тренингінде сөйлеу техникасының сырымен бөлісті. Сөйлеу өнерінің құпиялары айтылған мастер класқа келген жандардың қарасы қалың болды. Олардың қатарында болашақ актер, көлік жүргізушісі, визажистер де бар.
️