TURKISTAN телеарнасы "Армандар орындалады"атты акциясын жариялайды

334
21.12.2022 16:12

Бар мейірім балаларға. Түркістан телеарнасы “Армандар орындалады” акциясын жариялайды. Акция  қамқорсыз қалған балалардың арманын орындап, қалаған заттарына қол жеткізуге сеп болмақ. Жаңа жылдық жобада Арыс қаласында орналасқан “отбасы үлгісіндегі балалар ауылының” бүлдіршіндеріне өңір кәсіпкерлері түрлі сыйлықтар табыстайды.