Орта Азиялық кестелеу өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін

1208
20.12.2022 16:06

Ұлттық кесте өнері шет елдерде де танымал. Қолмен кестеленген бұйымдар Өзбекстан, Тәжікстан мен Иранда дәстүрлі түрде үй безендіру үшін қолданылады. Ата кәсіпті меңгергендердің бірі Насиба Исхакова. Ол 20 жылдан бері қолөнер кәсібімен айналысып келеді. Бастапқыда қызығушылықтан туындаған бұл өнер бүгінде бизнес көзіне айналған. Одан қала берді шәкірттерге дәріс берумен айналысады.