Қарағандыда төбелеске қатысқан 17 адам ұсталды

234
20.12.2022 16:03

Қарағандыдағы темір жол вокзалы маңында полиция көлігін соғып, төбелеске қатысқандар ұсталды. Облыстың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 17 қала тұрғындарының бұзақылық әрекеттерін тоқтатып, ұстағаны белгілі болды. Оқиға барысында күдіктілердің бірі машинасымен қашып кетпек болып, қызметтік көлікпен соқтығысқан. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару табылып, тәркіленді. Қазір қақтығысқа қатысушылар тергеу үшін полицияға жеткізілді.