Тараз тұрғынынан апта сайын 300 мың теңге бопсалап отырған күдіктілер ұсталды

603
20.12.2022 16:02

Жамбыл облысында ер адамнан  апта сайын қаржы сұрап, бопсалап отырған күдіктілер ұсталды. Әуелі полиция басқармасына 26 жастағы ер адам шағымданған. Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынындығын айтқан. Осылайша жәбірленушіден барлығы 2 млн теңге көлемінде ақша талап етіпті. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Күдіктілер кінәларын толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, оларға қатысты қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.