10 пәтер ұрлығына қатысы бар ер адам ұсталды. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ұрылар үйіне кіріп, алтын бұйымдар мен парфюмерия, қол сағатын қолды еткен. Уақыт өте тағы бір жергілікті тұрғын дәл осындай шағыммен хабарласқан. Пәтер ұрлығын ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде, ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды. Олар Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің жалпы көлемі 2 миллион теңгеден асатын 10 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.
️