«Түркістан» телеарнасында «Әуесқой репортер» айдары аз уақыттың ішінде көреремен көзайымына айналды. Тұрғындар өзекті деген бейне жазбаларын түсіріп, бізге жолдап жатыр. Солардың бірін назарларыңызға ұсынамыз. Оқиға Түркістан қаласында түсірілген. Пернехан есімді көрерменіміз жолдаған бейнежазбада аялдамалардың жауын-шашын болған кезде, шатырының болмауы халық үшін тиімсіз екенін айтады. Енді бұл бейне жазба жауапты мекемеге жолданады. Сіз де осылай әуесқой репортер атанып, ақша таба аласыз! Ол үшін қызықты оқиға мен қоғамдағы заң бұзушылыққа куә болсаңыз бізге жолдаңыз! «түркістан» телеарнасы сіз жіберген бейнежазбаның өзектілігі мен эксклюзивтілігіне қарай қабылдап, 300 мың теңгеге дейін сыйақы береді. Ол үшін reporter.turkistan.tv сайытына тіркелеп, бейнежазбаңызды жүктесеңіз жеткілікті.
️