Түркістан облысында қысқы демалыс маусымы ашылды. Табиғаты тамсандырар Төлеби ауданындағы тау-шаңғы курортында адамдардың қарасы қалың. Бұл жерде негізінен Төле би ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары демалады. Арнайы балонмен осы жерде тегін сырғанайтындардың қарасы көп. Жалпы, өңірімізде қыс жұмсақ болғандықтан, қар таулы өңірлерде ғана жауады. Оның өзін тұрақты деуге келмейді. Сондықтан, өңір халқы қар қалың түскен сәтті пайдаланып қалайын деп демалыста осы жерге ағылады. Ал, қонақ үйге орналасып, шаңғы немесе сноуборд тебем деген жандар бірден курортқа жол тартады. Биыл маусым жылдағыдан ерте ашылды.
️