Кентау тұрғынынан екі шолақ мылтық тәркіленді

214
20.12.2022 09:58

Кентаулық полицейлер жергілікті тұрғыннан 2 дана шолақ мылтық пен винчестер тәркіледі. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде күдік тудырған "Мерседес" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде погондылар автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.