Рейдерлік басып алуларға көмектескендер ұсталды

231
20.12.2022 09:55

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген - Михаил Козачковты ұстады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деп күдікке ілінген. Мамандардың мәліметінше, Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған. Тергеу барысында Жансейтов пен Козачковтың өз қызметтері үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденді.