Түркістан
EN

Шымкентте сапасыз салынған жолдар қайта салынып жатыр

301
19.12.2022 20:58

Шымкентте сапасыз салынған жолдар қайта салынып жатыр. Ұлттық сапа орталығының  мамандары жыл басынан бері  334 рет жолға шығып,  275 ақау анықтаған.  Міндетін дұрыс атқармаған мердігердерлер 54 161  мың шаршы метр жолға қайтадан асфальт төсеген. Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалының мамандары құрылыс жұмыстарына немқұрайлы қараған техникалық қадағалаушыларды да анықтап, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолдаған.  Нәтижесінде 3 мердігер және 8 техникалық қадағалау мекемесіне  айыппұл салынды.  Жалпы, айыппұл сомасы 8,4 млн. теңгені құрады. 6 техникалық қадағалаушының аттестаты 6 айға,  1 техникалық қадағалаушының аттестаты 3 жылға  тоқтатылды. 

️