Облысымыздың оңтүстік аудандарын аралап келген түсіру тобы Түркістанға түн жарымында жетеді. Көлікті тоқтатқан жүргізуші капот астынан түсініксіз дыбыстарды естіген. Одан әрі не болғанын мына видеоны көрсеңіз түсінесіз. Ең қызығы сол, көлік соңғы рет Шардарада тоқтаған екен. Демек, мотордың қызуына жылынып алуды ұйғарған мысық шардаралық және кемі 300 шақырым жол жүріп келген. Құрметті шардаралық көрермендер! Егер мысық жоғалтқан болсаңыздар біздің арнаға хабарласыңыздар. Ешкім хабарласпаса шұбар мысық «Тurkistan» арнасының талисманына айналады. Біз оған «Жиһангез» деген ат қоюды ұйғарып отырмыз.
️