Түркістан облысында театрға келушілердің саны 15 пайызға артқан

177
15.12.2022 17:27

Түркістан облысында театрға келушілердің саны 15 пайызға артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қвзметі алаңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді. Айтуынша аймақтағы 3 кәсіби театрда жыл басынан бері 5 жаңа қойылым сахналанған 5 гастрольдік сапар ұйымдастырылып, жалпы қойылымдар саны – 180-ге жеткен. Аталған театрларда 27 637 көрермен қойылыммен қамтылды.