Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

168
15.12.2022 10:03

Елдің үш өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының күрт бұзылуына байланысты автобус және дизельмен жүретін автокөліктердің жүруіне уақытша тыйым салынды. Ауа температурасы өңірлерде 30 градусқа дейін төмендеген. Ал Өскеменге қалың қар түсті. Қалыңдығы бір метрден сәл асатын қардың видеосын тұрғынлар әлеуметтік желіге жариялады. Онда ол белуардан қар кешіп жүр. Ақ ұлпаның қалыңдығы сонша, ер адам әрең қозғалады.