«Тұран таңдауы» байқауына дауыс беру аяқталуға жақын

488
15.12.2022 09:44

Түркістан телеарнасында «Turan таңдауы» байқауының дауыс беру кезеңі жалғасуда. Дауыс беру “TurkistanTV” YouTube парақшамызда өтіп жатыр. Үздіктер арнайы дайындалған бейнероликтегі лайк, қаралым мен пікір санына қарап анықталады. Байқауға қатысушылар біздің телеарна кейіпкерлерінің ішінен таңдап алынды. Айта кетейік биыл "Turan таңдауы» 20 номинация бойынша жүреді. Ендеше жобамыздың келесі қатысушыларымен таныс болыңыздар! 

Рамилья Мұстафаева Түркістан облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы. Ол тату тәтті күн кешкен түрлі этнос өкілдерін ел тыныштығының кепілі дейді. 

Тұран таңдауы жобасының кезекті кейіпкері Айбар Камал. Өзгелерге көмек қолын созуды басты ұстанымына балайтын ол соңғы 5 жыл ішінде 260 қайырымдылық шарасында белсенділік танытқан. Сондай-ақ жалынды жас табиғи апат болған сәтте де алғы шептен табылатындардың қатарында.